Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жол апатына бұғы себепкер болды

Опубликовано:

тау бұғысы
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті. Көлік жүргізушісі жолға шыққан бұғыны қағып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция мәліметінше, 34 жастағы Audi-80 жеңіл көлігінің жүргізушісі Астана – Петропавл тас жолымен Щучинскке сапар шеккен. Алайда тас жолға бұғы шыға келіп, жүргізуші оны қағып кетеді.

Жол апатынан көлік жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, Ақмола облысында жыл басынан бері жануарлар себебінен болған бес жол апаты тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032793-aqmola-oblysynda-zol-apatyna-bugy-sebepker-boldy/

pixel