Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: 200-ден аса адам қауіпсіз жерге шығарылуда
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы "Арселор-Миттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік әкімдік ресми сайтында.
Ведомствоның" хабарлауынша, 17 тамыз күні сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.
"Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды.
Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Қазіргі сәтте 182 адам жер бетіне шығарылды. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері келеді", - деп хабарлады компаниядан.
Сонымен қатар әкімдік қосымша ақпарат сәл кейінірек берілетін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032853-227-adam-evakuaciyalanuda-qaragandy-oblysynda-saxta-ortenip-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.