jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты (фото, видео)

    жол апаты болған жер
    Жол апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Балқашта жол апатынан 9 адам қаза болды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

    Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадриннің мәліметінше, жол апаты 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде болған.

    Анықталғандай тасжолда Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан.

    "Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді Айткен Кадрин.

    жол апаты болған жер
    Жол апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Полиция өкілі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

    Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.