Түркістан облысында жол апатынан төрт адам мерт болды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство мәліметінше, 18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-ның 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Анықталғандай облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тасжолының бойында Nissan көлігі жолдың қарама-қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқан.
Салдарынан Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.
Бұл дерек Қылмыстық-кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелген. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалған.
Сондай-ақ полиция Nissan көлігінің жүргізушісі қамауға алынғанын, ол уақытша ұстау изоляторында екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде екі көлік соқтығысып, 9 адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033143-turkistan-oblysynda-zol-apatynan-4-adam-mert-boldy/