Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір көлікте бір отбасы болған": Балқашта 9 адам қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

жол апаты болған жер
9 адам қаза тапқан жол апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облысында 9 адам қаза болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 тамыз күні таңғы 06.00 шамасында Екатеринбург-Алматы тасжолының 1904 километрінде, Гүлшат ауылының аймағында болған.

Аталмыш аймақта қазіргі таңда қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан көлік қозғалысы тек бір бағытта жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған аймақта күн ашық болған, жаңбыр жаумаған. Ауа температурасы +20 градус.

"Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Honda Odyssey көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 9 адам қаза болып, бір адам жарақат алды", - деп хабардар етті "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінен.

Компания дерегінше, Toyota Camry көлігінде бір отбасының төрт мүшесі болған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмса, 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген.

Ал Honda Odyssey көлігінде болған алты адамның барлығы қаза тапқан. Қазіргі таңда олардың жеке басы анықталуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш қаласының полициясы бүгін, 19 тамызда Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде екі көлік соқтығысып, 9 адам қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033135-bir-kolikte-bir-otbasy-bolgan-balqasta-9-adam-qaza-tapqan-zol-apatyna-qatysty-tyn-derek-syqty/

pixel