Шахтадағы жарылыс: "АрселорМиттал Теміртау" аза тұту күнін жариялады
Жарияланған күні:
20 тамыз "Қазақстан" шахтасындағы жарылысқа байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"АрселорМиттал Теміртау" ұжымының атынан қайтыс болған әріптес-шахтерлердің отбасына, жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын.
Бұл бәріміз үшін ауыр қайғы, үлкен қасірет.
Марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ жарақат алған жұмысшыларға оңалту кезінде барлық көмек көрсетіледі.
20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында аза тұту күні болып жарияланды", - делінген компанияның бас директоры Владимир Яблонский.
Айта кетелік, 17 тамыз күні "Қазақстан" кенішіде өрт болып, бес адам қаза тапты.
Өрт кезінде жер астында болған 227 қызметкердің 222-сі сыртқа шығып үлгерген.
Кеше бесінші кеншінің денесі табылғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033173-saxtadagy-zarylysy-arselormittal-temirtau-aza-tutu-kunin-zariyalady/