Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шарын шатқалына қыдырып келген Ресей азаматы жартастан домалап кетті

Опубликовано:

Ресейлік азаматшаны құтқару сәті
Ресейлік азаматшаны құтқару сәті. Фото: gov.kz

Алматы облысында Шарын шатқалынан домалап кеткен Ресей азаматы құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

"2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған.

Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды.

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 20.08-де әйел адам құтқарылды.

Алматы облысы ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033191-saryn-satqalyna-qydyryp-kelgen-resei-azamaty-zartastan-domalap-ketti/

pixel