Ақтауда жасөспірім қыз бен ер адам суға батып кетті
Жарияланған күні:

Жксенбі, 20 тамызда Маңғыстау облысындағы демалыс базаларында екі бірдей қайғылы жағдай болды, деп жазады Lada.kz.
Жедел жәрдем станциясының журналистерге хабарлауынша, кеше, 20 тамызда "Монтажник" демалыс базасында сағат 11:47-де 14 жастағы қыздың қайтыс болғаны тіркелген.
Екінші қайғылы жағдай сағат 18:00-де жақын маңайдағы "Бриз" демалыс базасында болды. Суға батып кеткен 36 жастағы ер адам көз жұмған. Кейбір деректерге сәйкес, марқұм - бес баланың әкесі.
Екі жағдайда да ер адам мен жасөспірім дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033236-aqtauda-demalys-bazalarynda-zasospirim-qyz-ben-er-adam-suga-batyp-ketken/