Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында кен орнындағы ТЖ салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

"Ақшабұлақ" кен орны
"Ақшабұлақ" кен орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қызылорда облысындағы "Ақшабұлақ" кен орнында төтенше жағдай болып, салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шеккен. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында болған.

Анықталғандай "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, өрт болған. Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, үш адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Тағы бір адам медициналық мекемеге көрініп, үйіне қайтарылған.

Ведомство бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033349-qyzylorda-oblysynda-ken-ornyndagy-ort-saldarynan-bir-adam-qaza-tauyp-useui-auruxanaga-tusti/