Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да көршісімен жанжалдасып қалған жігіт оқ атып, басқа үйдің терезесін бүлдірді

Опубликовано:

Оқ атылған терезе
Оқ атылған терезе. Фото: ШҚО полиция департаменті

ШҚО-ның Алтай қаласында тұрғын үйлердің бірінің терезесіне оқ атылды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, оқиғаның мән-жайын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз біреудің пәтерінің терезесіне оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан тұрғынға 50 мың теңге көлемінде шығын келген.

Полицейлер аталған мекенжайға келіп жетіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстаған. Күдікті көрші подъезде тұратын 23 жастағы жігіт болып шыққан.

Тәртіп сақшылары ұсталған жігіттің үйін тінту кезінде 12 калибрлі 10 оқ, маркасы "ИЖ-18 ЕМ-М" сыңар ауыз аңшы мылтығын және 12 калибрлі үш оқсауыт тауып, тәркілеген.

Тәркіленген сыңар ауыз аңшы мылтығы
Тәркіленген аңшы мылтығы. Фото: ШҚО полиция департаменті

"Анықталғандай, сол күні кешкі уақытта жас жігіт жәбірленушінің үстіндегі қабатта тұратын көршісімен жанжалдасып қалған. Осыдан кейін ашуға берілген жігіт аулаға шығып, өзін ренжіткен әйелдің терезесін көздеп атқан, бірақ мүлт кеткен. Оқ еш кінәсі жоқ көршінің терезесіне тиген. Кейін күдіктімен жанжалдасқан көрші әйелдің терезесі ауланың басқа жағында орналасқаны белгілі болды", - делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033360-sqo-da-kek-alu-maqsatynda-er-adam-oq-atqan/

pixel