Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт отбасы демалған: Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті

Жарияланған күні:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркістан облысы Отырар ауданы Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, суға батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің күштері судан 6 мәйітті шығарды (тұлғасы мен жасы анықталуда), бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Ақпарат жедел болып табылады және өзгеруі мүмкін.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс жасауда 8-7253-357881.

Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды: Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Бұл үшін арналмаған жерлерде суға түспеңіз және балалардың суға түсуіне жол бермеңіз", - делінген хабарламада.

ТЖД мәлімдегендей, тыйым салынған жерде демалуға 20 адамнан құралған 4 отбасы келген.

Олардың ішінде 11 адам суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033379-tort-otbasy-demalgan-turkistan-oblysynda-11-adam-suga-batyp-ketti/