"Үш адам іздестірілуде": Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Отырар ауданында суға кеткен адамдарды іздеу жұмысы түнгі уақытқа қарамастан жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
"Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай елдімекені жанындағы Сырдария өзеніне батып кеткен адамдарды іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасуда.
Қазіргі уақытта суға батқан 8 адамның денесі табылды, қалған үшеуі іздестірілуде.
Құтқарушыларға өзен арнасының тереңдігі (5-6 метр), өзен астындағы құлаған ағаштар, түн мезгілінде су астын көзбен шолу мүмкіндігінің жоқтығы қиындық келтіруде.
Суға түскенде қауіпсіздік шараларын ескеру қажет. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Мас күйінде суға түспеу қажет", - деп ескертті Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бүгін Сырдарияға шомылуға барған 11 адамның суға кеткені хабарланды.
ТЖД дерегінше, 20 адамнан құралған төрт отбасы мүшелері тыйым салынған жерде суға түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033382-us-adamdy-izdep-zatyrmyz-turkistan-oblysynda-suga-ketken-segiz-adamnyn-denesi-tabyldy/