Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жемістерді кептіргіш тоқта қосулы күйде қалған": Өскеменде тоғыз қабатты үйден өрт шықты

Опубликовано:

өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

Өскеменде 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде таңғы уақытта өрт шығып, 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, тоғыз қабатты үйде шыққан өрт жайлы "101" қызметіне тұрғындардың бірі хабарлаған.

Оқиға орнына ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру құрамы дереу жіберілген.

"Өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерден шыққан түтінді анықтады. Барлау жүргізгеннен кейін жиһаздар мен заттардың жанып жатқаны анықталды. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылған.

"Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді", - деп қосты ведомстводан.

ТЖМ алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Атап айтқанда, өрт көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіштің тоқта қосулы күйде қалып қоюы салдарынан шығуы ықтимал деген болжам қарастырылуда.

Сондай-ақ ТЖД өкілдері электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салды:

  • кез келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқу керек;
  • компьютер, жылытқыш, шаңсорғыш бір розеткаға бір уақытта қосылған жағдайда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін. Бұл әсіресе ескі сымдары бар ескі үйлерге қатысты;
  • электр желісін шамадан тыс жүктемеген дұрыс;
  • үйден шыққан кезде үнемі электр құрылғыларын розеткалардан өшіріп шығу қажет.
  • өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033420-zemisterdi-keptirgis-toqta-qosuly-kuide-qalgan-oskemende-togyz-qabatty-uiden-ort-syqty/

pixel