Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ министрі Түркістан облысында 11 адам суға кеткен қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Құтқару баллоны
Құтқару баллоны. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Төтенше жағдайлар министрі күні кеше Түркістан облысы Сырдария өзенінде болған қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, кеше, 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде 11 адамның суға кеткені хабарланды. Қайғылы оқиға автокөлік көпірінің маңында болған.

Осы орайда БАҚ өкілдері ТЖ министрінен бұл жайттың қалай болғанын сұрады.

"Біз қазір тек іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ тергеу органдары бұл оқиғаның қалай болғанын, себебін анықтауға кірісті. Әзірге себебі белгісіз, белгілісі ол жер шомылуға арналмаған. Адамдар демалуға барған – төрт отбасы. Өкінішке қарай, осындай қайғылы оқиға болып отыр", – дейді Сырым Шәріпханов.

Сонымен қатар министр жауапты адамдарды жауапкершікке тарту қарастырылғанын ба, жоқ па деген сауалға:

"Бұл тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша белгілі болады", – деп жауап берді.

Айта кетейік, ТЖД бастапқыда суға кеткен 11 адамның алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033430-tz-ministri-syrdariyadagy-qaigyly-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel