jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қаза болған және зардап шеккен адам бар": Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

    жол апаты болған жер
    Жол апатына ұшыраған автобус. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып салдарынан бір адам қаза болып, бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы.

    Ведомство мәліметінше, жол апаты бүгін, 22 тамызда сағат 15:00 шамасында болған.

    Анықталғандай, Ақтөбе қаласы Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысқан.

    Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылған.

    Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын атап өтті.

    "Қаза болған және зардап шеккен адам бар": Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.