Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен 3 жасар қыз аман қалды

Опубликовано:

Бетін басып, ойыншығын құшақтаған қыз
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: getty/stock photo

Қостанайда үшінші қабаттың терезесінен 3 жасар қыз құлап түсті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"22 тамыз күні сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2019 жылы туған қыз бала құлап түсті.

Оқыс оқиға кезінде бала ересектердің қарауынсыз болған.

Зардап шегуші қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің доғал жарақаты диагнозын қойды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.

Айта кету керек, бұл биыл Қостанайда болған жетінші және облыста орын алған 13-жағдай", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033880-qostanaida-usinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketken-3-zasar-qyz-aman-qaldy/

pixel