Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйіміз өртеніп жатыр деп ойладық": Алматылықтар түтін мен күйік иісіне шағымданды

Опубликовано:

Алматыдағы өрт
Алматыдағы қоймадан шыққан өрт. Фото: Алматы ТЖД

Бүгін таңертең алматылықтар әлеуметтік желіде күйік пен түтіннің иісіне шағымданды. Тұрғындардың шағымына қатысты жауап берген Алматы қалалық ТЖД Жетісу ауданындағы қоймада ірі өрт болғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байзақов пен Төле би көшелерінің маңында тұратын алматылық Владимир таңертең күйік иісін сезгенін айтады.

"Күн ыстық болған соң үйдің терезелері ашық тұрған, иіс шыққанда үйіміз өртеніп жатыр деп ойладық. Сосын иіс сейілді", - дейді ол.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шыққан. Оқыс оқиға түнгі уақытта сағат 01:36-да болған. Өрт 295 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға болған жерде өртті сөндіру үшін екі учаске құрылды, көршілес қоймаларды салқындату және қорғау үшін, өртті сөндіру үшін қол және лафет оқпандар қолданылды. Қызып кеткен конструкцияларды кесу үшін бензорез пайдаланылды. Өртті сөндіруге ангарда жанып жатқан заттың (онда құрылыс материалдары – ламинат, т.б болған) көп болуы кедергі келтірді", - дейді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ТЖД жоғары кернеулі электр сымдарының болуына байланысты өрт сөндірушілерге тоқ соғу қаупі төнгенін атап өтті. Алайда оқиға орнына жергілікті электр желісінен мамандар келіп, нысанды электр қуатынан ажыратқан.

Нәтижесінде өрт сағат түнгі 02:21-де оқшауланып, сағат 04:40-та толықтай сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033919-uiimiz-ortenip-zatyr-dep-oiladyq-almatylyqtar-tutin-men-kuiik-iisine-sagymdandy/

pixel