Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында мәслихат төрағасы жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Қуаныш Жүнісбеков
Қуаныш Жүнісбеков. Фото: gov.kz

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков әкімдіктің қызметтік көлігінде жол апатына ұшырап, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Нұра ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 8 тамызда Осакаровка-Нұра тас жолында болған. Аудандық мәслихат төрағасы Нұра ауданы әкімінің аппаратында тіркелген қызметтік көлікпен Қарағандыдан қайтып келе жатқан.

Аудан әкімдігінде мәслихат төрағасы көлікті басқармағанын, жалпы көлікке кездейсоқ отырғанын хабарлады. Көлікті автосервистен қайтып келе жатқан әкімдіктің жүргізушісі басқарған.

"Ешкім автокөлікті жеке мақсатта пайдаланған жоқ. Көлік 7 тамызда Қарағандыда қызмет көрсету орталығында болған. Нұра ауылына қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған. Көлікте аудандық мәслихаттың төрағасы болды. Ол ауылға жетіп қалу мақсатында көлікке отырған еді.

Оқыс оқиға Осакаров ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, материалдар сотқа жіберілді. Қазір жол ережесін бұзып, жол апатына кінәлі адамды материалдық шығынды өтеуге міндеттеу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Нұра ауданының әкімдігінен.

Жол апатына қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жол апаты 8 тамыз күні түнгі сағат 02.00 шамасында болған.

"Kia Sportage көлігі аударылған. Жол апаты салдарынан 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Нұра аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, аудандық маслихаттың төрағасы - Қуаныш Жүнісбеков. Ол 1980 жылы 15 қарашада дүниеге келген. "Қазақстан тарихы" және "құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033991-qaragandy-oblysynda-maslixat-toragasy-zol-apatyna-usyrady/

pixel