jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы қаза тапты

    Жол белгісі
    Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ақтөбе облысында тасжолда екі шетел азаматының көлігі соқтығысып, салдарынан 51 жастағы ресейлік азамат оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, жол апаты 26 тамыз күні сағат 14:00-де Самара-Шымкент тасжолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерде болған.

    Анықталғандай, MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан азаматы жолдың қарсы қозғалысқа арналған бөлігіне өтіп кетіп, 51 жастағы ресейлік азамат басқарған Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

    "Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.

    ІІМ осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

    Полицияның алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.