Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қосымша 5 тонна әк жеткізу жоспарлануда": Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді

Опубликовано:

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар. Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді. Қазіргі уақытта мамандар күкірт қышқылының ағуын тоқтату бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, 28 тамызда сағат 16.40-де Әскерилендірілген теміржол күзетінің кезекшісінен Екібастұз қаласы, Екібастұз-2 станциясында №6 жолдағы цистернадан күкірт қышқылының ағып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Тасымалданатын жүктің (күкірт қышқылының) жалпы көлемі 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды.

Оқиға болған жерді полиция басқармасының, әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері қоршауға алды. Сол жерде ЖАО, ТЖД, ҰҚК, прокуратура, ПБ, СЭД қызметкерлері мен тасымалдаушы өкілдерден тұратын штаб ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта цистернадан ағуды жою бойынша, қышқыл төгілген жерлерді құммен және әкпен үйіп тастау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚТЖ-ға 300 кг әк жеткізілді, қосымша Үшқұлын станциясынан 5 тонна әк жеткізу жоспарлануда", - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство қышқылды басқа резервуарларға құю үшін Үшқұлын станциясынан транзиттік пойызбен екі қышқыл цистернасын (сыйымдылығы 65 тоннадан) жеткізу ұйымдастырылғанын атап өтті.

"21.00-дегі жағдай бойынша цистерналар жолда. Қышқылды басқа резервуарларға құю бойынша жұмыстарды жүргізбес бұрын ТЖД құтқарушылары күкірт аққан жерге таңғыш салу жұмыстарын жүргізуде", - деп қосты ТЖД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034338-qosymsa-5-tonna-ak-zetkizu-zosparlanuda-ekibastuzda-temirzol-boiynda-kukirt-qysqyly-togildi/

pixel