Алматы облысында патрульдік көлік жол апатына түсті: видеоға қатысты полиция пікір білдірді
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы-Қонаев тас жолында патрульдік көліктің жол апатына ұшырағаны бейнеленген видео пайда болды. Бұған қатысты Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жол апатының видеосын Kris_p_almaty Telegram-арнасында жариялады.
Кадрларға қарағанда, патрульдік көлік оң жақ жолаққа өтіп, содан кейін жол жиегіне тоқтауға әрекет жасағанын көруге болады. Осы кезде патрульдік автокөлікке оң жолақтағы көлік соқтығысады.
Видеоның сипаттамасында жол апатының Алматы-Қонаев тас жолында болғаны айтылған.
Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мән-жайды NUR.KZ тілшісіне хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 26 шілдеде, сағат 14:00-де Алматы-Өскемен тас жолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Subaru көлігінің жүргізушісі арақашықтық сақтамай Hyundai көлігімен соқтығысуға жол берген.
"ЖКО нәтижесінде көліктерге механикалық зақым келтірілді, жүргізушілер мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. Осы факті бойынша кінәлі жүргізушіге ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Полиция жол апаты толық, объективті және жан-жақты зерттеу үшін қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034637-almaty-oblysynda-patruldik-kolikpen-bolgan-zol-apaty-videoga-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/