Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада автобус пен пойыз соқтығысты (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тепловозға соқтығысқан автобус
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

Астанада жолаушылары бар автобус жол ережесін бұзып, пойызға соқтығысты. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Astanovka Telegram арнасында автобус және пойыздың қатысуымен болған жол апатының видеосы жарияланған. Видеоның сипаттамасында №30 маршруты бойынша жүретін автобустың жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, тепловозбен соқтығысқаны туралы жазылған.

CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 31 тамыз күні сағат 21:40-та Тайбурыл көшесінен Үшқоңыр көшесіне дейінгі бағытта болған.

"№30 маршруты бойынша жүретін автобустың жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, теміржол өткелінде жол белгілері мен бағдаршамды елемей, тепловозға соқтығысқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкері маршруттық транспорт құралының жүргізушісіне қарсы әкімшілік хаттама толтырды", – деп хабарлады компания өкілдері.

CTS баспасөз қызметі жүргізушінің жолаушылар көлігін басқару бойынша 30 жылдық тәжірибесі барын атап өтті. Ол №1 автобус паркінде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Рейс басталмас бұрын жүргізуші медициналық тексеруден өткен.

Сондай-ақ компания жол апаты кезінде ешбір жолаушы зардап шекпегенін айтты. Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, CTS даярлау орталығына қайта дайындықтан өтуге жіберілді.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде Iveko автобусының 53 жастағы жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Аталған іс бойынша барлық материал Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034952-astanada-avtobus-poiyzga-soqtygysty-video/