Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруде
Өрт шыққан үй. Оқиға орнынан фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанда екіпәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесі, 25 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екіпәтерлі тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт болып жатқанын анықтаған.

Олар жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, ол улы газбен орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылы туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапқан.

өрт сөндірушілер оқи орнында жұмыс істеуде
Өрт шыққан үй. Оқиға орнынан фото: ТЖМ ресми сайты

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам және 3 техника жұмылдырылған.

"Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Осы мекенжайда осыдан бір апта бұрын, 24 тамызда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсынымдар беріп, өрт қауіпсіздігі парақшаларын таратқандығын атап өткен жөн.

Құрметті азаматтар! Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды. Сөндірілмеген сіріңке, темекі және басқа да от көздерін қалдырмаңыздар. Электр сымдарын уақтылы тексеріп, ауыстырыңыз. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз. Өрт белгілері анықталған жағдайда дереу 101 нөміріне хабарлау қажет!", - дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035032-astanada-turgyn-uiden-ort-sygyp-us-adam-qaza-tapty/

pixel