Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта Қазақстан азаматы болуы мүмкін 18 жастағы жігіттің денесі табылды

Жарияланған күні:

жағалау
Жағалау. Көрнекі фото: pixabay.com

Таиландтық БАҚ бүгін Пхукетте жас жігіттің денесі табылғанын, ол жоғалып кеткен Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін хабарлады. Денені тану үшін жігіттің ата-анасы Пхукетке барған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

The Phuket News басылымының мәліметінше, бүгін жергілікті уақыт бойынша 07:50-де (Астана уақыты бойынша 06:50-де) Пхукет аралында осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы туристің денесі табылған.

Пхукеттің туристік полиция кеңсесі өкілдерінің хабарлауынша, жас жігіт Қазақстаннан келген турист болған. Болжам бойынша ол 1 қыркүйек күні кешкісін суға батып кеткен.

Басылым жазуынша, сол күні ауа райы қолайсыз болған.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі NUR.KZ тілшісіне қаза болған жас жігіт Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін растады.

"1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және ол Қазақстан азаматы болуы ықтимал екені туралы ақпарат келіп түсті.

Екі күнге жалғасқан іздестіру шараларынан кейін тайлық құтқарушылар 2005 жылы туған азаматтың денесін судан алып шықты.

Жігіттің ата-анасы Пхукетке келіп жетті және ертең денені танып, анықтау процедурасына қатысады", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035038-tailandta-qazaqstan-azamaty-boluy-mumkin-18-zastagy-zigittin-denesi-tabyldy/