Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда қазақстандық журналист екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Арайлым Бағытжан
Арайлым Бағытжан. Фото: facebook.com/bisembieff

Түркияда қазақстандық журналист Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Атырау облысы әкімі орынбасарының мәліметінше, қайтыс болған қазақстандық журналистің жолдасы ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

"Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада ауыр жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Түркияның TRT Haber басылымының хабарлауынша, оқыс оқиға Аланья қаласының Махмутлар ауданында болған. Белгілі болғандай, жеңіл автокөлік пен сафариге арналған көлік соқтығысқан. Салдарынан үш адам – Арайлым Бағытжан, оның қызы және Ресей азаматы көз жұмған. Тағы 17 адам зардап шеккен, олардың арасында Түркия, Израиль, Ресей және Қазақстан азаматтары бар.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін NUR.KZ тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде оқиға орнынан кадрлар пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035183-turkiyada-qazaqstandyq-zurnalist-eki-zasar-qyzymen-birge-zol-apatynan-qaza-tapty-video/

pixel