jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "15 жасынан бастап саяхаттаған, блог жүргізген": СІМ өкілі Таиландта көз жұмған Қазақстан азаматы туралы айтты

    жағалау
    Жағалау. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Таиландта Қазақстан азаматының қаза болғанын растап, оқиғаны мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айбек Смадияровтың айтуынша, 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне Пхукет аралында Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

    "Консул жергілікті билік өкілдерімен және полицейлермен байланысқа шықты. Екі күн бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. 3 қыркүйекте оның денесі судан жағаға шығарылды, бүгін марқұмның ата-анасы ұлы екенін таныды. Марқұмды жақын арада Қазақстанға жеткіземіз", – дейді Айбек Смадияров.

    Оның сөзінше, қазір құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

    Сондай-ақ СІМ өкілі марқұм болған жас жігіт 15 жасынан бастап саяхаттап, блог жүргізген.

    "Бұл жігіттің Таиландта жүргеніне бірнеше ай болған. Ол 15 жасынан бастап саяхаттай бастаған. Әлеуметтік желіде де өте белсенді болған. Оның YouTube-та жеке блогы бар. ІТ маманы болған секілді. Осындай жағдай болғаны өкінішті. Әке-шешесіне барлық көмекті көрсетеміз", - дейді Айбек Смадияров.

    Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ Таиландта Қазақстан азаматы болуы мүмкін жас жігіттің денесі судан табылғанын хабарлаған болатын.

    "15 жасынан бастап саяхаттаған, блог жүргізген": СІМ өкілі Таиландта көз жұмған Қазақстан азаматы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.