Алматы орталығында түнде болған атысқа қатысты полиция пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде Алматының орталығында түнде болған атыс туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаға қатысты ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында пікір білдірді.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, төрт адам қатысқан атыс түнде әл-Фараби көшесі мен Назарбаев даңғылы қиылысындағы кафеде болған. Жазбада оқиға кезінде екі адамның жараланғаны айтылады.
ІІМ мәліметінше, қазіргі таңда бұл деректі Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы тіркеп, тергеу амалдарын жүргізуде.
"Қылмыс орнына қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды.
Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабардар етті ведомстводан.
ІІМ күдіктілердің бірі қамауға алынғанын, қалған қатысушылар анықталып, жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035259-almaty-ortalygynda-tunde-bolgan-atysqa-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/