Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарыз үшін сөзге келіп, оқ атқан": Астанадағы төбелеске қатысты полиция пікір білдірді

Жарияланған күні:

Тапанша ұстаған ер адам
Тапанша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Астана полицейлері жаппай төбелеске қатысушыларды анықтады. Қылмысқа қатысты негізгі күдіктіні ұстау бойынша шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасында.

ІІМ мәліметінше, 5 қыркүйек күні полицияға оқ жарақаты фактісі туралы хабарлама келіп түскен.

"Таныс адамдар қарыз үшін сөзге келіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. 31 жастағы ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, жасырынған", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан адамдарды анықтады.

Полиция қылмысқа қатысты негізгі күдіктіні ұстау бойынша шаралар жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалған.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды", - деп хабардар етті министрліктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035499-qaryz-usin-sozge-kelip-oq-atqan-astanadagy-tobeleske-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/