Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жол апаты: марқұм болған атыраулық журналистің күйеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды

Жарияланған күні:

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Түркияда жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан тағы бір отандасымыз көз жұмды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Нұрболат Құрмашов екі күн бұрын отбасымен жол апатына ұшыраған. Атыраулық отбасы мінген сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан еді.

Апаттан атыраулық журналист Арайлым Бағытжан мен оның екі жастағы қызы оқиға орнында көз жұмған.

Ал қатты жараланған 34 жастағы жолдасы жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін оның да ақтық демі үзілгені туралы қаралы хабар жетті.

Атыраулық жас отбасы ұл-қыздарымен Анталья қаласына саяхаттап барған. Марқұмдардың сүйегі елге ертең жеткізіледі.

Айта кетелік, Арайлым Бағытжан мен Нұрбол Құрмашев үш бала тәрбиелеп отырған отбасы болатын. Олардың үлкен қызы сирек кездесетін дертке ұшыраған.

Қызына және басқа да ерекше балаларға көмектесу мақсатымен Арайлым ерекше балаларға арналған орталық ашқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035583-turkiyadagy-zol-apatynan-koz-zumgan-atyraulyq-zurnalistin-kuieui-de-qaitys-boldy/