jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жүріп кетіп, көліктерге соғылды (видео)

    Соқтығысқанға дейін бірнеше секунд қалғандағы сәті
    Жүргізушісі жоқ автобус. Видеодан кадр.: instagram.com/kris.p.original

    Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың өздігінен артқа қарай жүріп кетіп, жолдағы басқа көліктерге соқтығысқаны жайлы видео пайда болды. Оқиға Алматыда болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жол апаты 6 қыркүйекте сағат 12:50 шамасында Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысының маңында болған.

    Полиция мәліметінше, №79-бағыттағы автобус жол жиегінде тұрып, өздігінен жүріп кетіп төрт көлікке соғылған. Бұл сәтте автобустың жүргізушісі сыртта болған.

    Жол апаты салдарынан Kia көлігінің жолаушысы зардап шеккен. Нақты қандай жарақат алғаны белгісіз.

    Сондай-ақ полиция бұл іс бойынша тергеуді бастағанын атап өтті.

    Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жүріп кетіп, көліктерге соғылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.