Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы атыс: бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Опубликовано:

Тапанша ұстап тұрған ер адам
Тапанша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында атыс болып, салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында.

Облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленовтың сөзінше, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы облысында атыс қатысушыларын ұстады.

"7 қыркүйекте Іле ауданының ОАА-ға тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды", - деді ПД басшысы.

Бауыржан Әленов аталған деректер Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталуда. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ол.

Сондай-ақ облыстық ПД басшысы аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035725-almaty-oblysyndagy-atys-bir-adam-qaza-tauyp-torteui-zaralandy/

pixel