Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында тас жолда белгі қойып жатқан жол қызметкерін көлік қағып кетті

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған көлік
Оқиға болған жер. Фото: Жетісу облыстық ПД

Жетісу облысындағы "Алматы-Өскемен" тас жолында жол ұйымы қызметкері қаза тапты. Қызметкерді жол белгілерін салып жатқан кезде көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Жетісу облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

Облыстық ПД мәліметінше, "Алматы-Өскемен" тас жолының 410 шақырымында "Toyota Camry" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

"Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Полция көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылған.

"Көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады", - деп ескертті облыстық ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035776-zetisu-oblysynda-zurgizusi-tas-zolda-belgi-qoiyp-zatqan-zol-qyzmetkerin-kolik-qagyp-ketti/

pixel