jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Оңтүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды

    Көшеде тұрған кореялық полицей
    Көшеде тұрған кореялық полицей. Көрнекі фото: Chris Jung/NurPhoto via Getty Images

    Оңтүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды. Олар 100-ден астам қазақстандық пен ресейлік азаматқа жалған құжат жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды оңтүстіккореялық Nate News порталы.

    Басылымның жазуынша, Оңтүстік Кореяда елдің иммиграциялық бақылау туралы заңын бұзды деген күдікпен қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталған. Олар ресейлік және қазақстандық 117 азаматқа жалған құжат жасады деген күдікке ілінген.

    Порталдың мәліметінше, ұсталған 33 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел адам. Жалған құжаттар қаңтар мен шілде аралығында жасалған.

    Сондай-ақ басылымның ақпаратынша, ерлі-зайыпты құжат жасап берген 117 адамның 21-і анықталып, елден шығарылған. Қалған құқықбұзушылардың кім екені анықталуда.

    Сонымен қатар басылымның жазуынша, бұл қызмет туралы хабарлама Telegram-да жарияланған, онда босқын визасын алғысы келетіндерге құжатты бір күнде жасауға болатыны жазылған.

    Қазақстандық ерлі-зайыптыға қатысты ақпараттың анық-қанығын білу үшін NUR.KZ тілшісі еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне жүгінді.

    Оңтүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.