Ақтөбеде скутер қаққан 42 жастағы тұрғын қайтыс болды
Жарияланған күні:
Ақтөбеде скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
118 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген хабараламада.
Айта кетелік, бұған дейін ұлытаулық жігіттің қалыңдығын қуалап жүріп өлтіргенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035932-aqtobede-skuter-qaqqan-42-zastagy-turgyn-qaitys-boldy/