Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайы ауыр": Ақтауда екі үйдің ортасындағы қуысқа құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтауда 17 жастағы бала тұрғын үй шатырынан құлап, көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кетті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Оқиға 8 қыркүйек сағат 22.45-те 16 шағын аудан 59-үйінде болған.

"2006 жылы туған жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім достарымен бірге құрылысы аяқталмаған үйдің шатырында ойнап жүрген. Сол уақытта екі көпқабатты үйдің ортасына бекітілген пенопласт плита сынып, бала қуысқа түсіп кеткен.

"Адал" тұрғын үй кешенінің құрылысын салушы – "Интерьер Строй Актау" серіктестігі. Үйдің құрылысы 2020 жылы басталған, 7 қабат, 4 кіреберістен тұрады. Әлі пайдалануға берілмеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғады", - делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035966-zagdaiy-auyr-aqtauda-eki-uidin-ortasyndagy-quysqa-qulagan-bala-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel