Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы сауда орталығында ірі өрт болды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру көліктері
Өрт сөндіру көліктері. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Бүгін, жексенбі күні Екібастұздағы сауда орталығында өрт шықты. Өрт сөндірушілер ғимараттан төрт адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін, 10 қыркүйек күні сағат 08:00-де MAXI MALL сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына бірден алты техника мен 30 жеке құрам жіберілген. Анықталғандай, үшінші қабаттағы балалар киімдері мен ойыншықтар сатылатын бутикте 50 шаршы метр аумаққа жайылған өрт шықты.

Сондай-ақ 7 шаршы метр аумақты алған әйелдерге арналған іш киім бутигінде киімдердің өртеніп жатқаны анықталды. Жалпы 57 шаршы метр аумақты өрт басқан", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратынша, өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялаған. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 09:08-де өрт сөндірілді, өрттің алдын ала себебі анықталуда", – деп хабарлады ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036000-ekibastuzdagy-sauda-ortalygynda-iri-ort-boldy-video/

pixel