Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында болған жол апатынан бес айлық сәби көз жұмды

Опубликовано:

Оқиға болған жер
Жол апатына ұшыраған көлік. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Сағашилі аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахань автожолында болған жол апатынан бес айлық сәби көз жұмған. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары хабарлады.

ІІМ мәліметінше, 11 қыркүйекте сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашилі аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының 127 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған.

Полиция дерегінше, 28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған. Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған.

"Жол апаты салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында қаза тапты, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036155-aqtobe-oblysynda-bolgan-zol-apatynan-bes-ailyq-sabi-koz-zumdy/

pixel