Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап, мерт болды
Жарияланған күні:
Шымкентте ер адам битум құйылған темір бөшкеге құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 11 қыркүйекте болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, 11 қыркүйек күні сағат 08.56-да Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 құтқару қызметіне ЖШС-нің бірінде ер адамның битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімінің қызметкерлері жіберілген. Қызметкерлер тыныс алу аппараты мен альпинистік арқанды пайдаланып, бөшкеден марқұмның денесін алып шыққан.
Мән-жайды анықтау үшін ер адамның денесі мполиция мен жедел жәрдем қызметіне берілген.
Еске сала кетейік, 16 тамызда Ақмола облысы Шортанды ауданына қарасты елдімекендердің бірінде 66 жастағы ер адам түнде жеке үйдің ауласындағы септикке түсіп кетіп, мерт болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036270-symkentte-er-adam-bitum-quiylgan-boskege-qulap-mert-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.