Қостанай облысында жүк көлігі жол тірегіне ілініп қалды (видео)
Жарияланған күні:
Қостанай облысында ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жол тірегіне зақым келтірді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.
Оқиға 13 қыркүйекте Қостанай және Федоров аудандарының шекарасында болды.
"Жүргізуші жол жөндеу жұмыстарына асфальт әкеліп, түсіргеннен кейін кузовты түсіруді ұмытып кеткен. Әрі қарай жүру кезінде ол жол бетіне зақым келтірген", - деп мәлімдеді ІІМ.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Соңғы процессуалдық шешімді сот қабылдайды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің зардап шекпегенін айтты. Келтірілген зиянды өтеу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілетін болады.
Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл (69 мың теңге) салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036448-qostanai-oblysynda-zuk-koligi-zol-tiregine-ilinip-qaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.