Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғаныштан ұрып-соққан": Шымкентте ер адам әйелінің бұрынғы сүйіктісін өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

12 қыркүйекте, сейсенбі күні Шымкентте адам өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, 12 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында полицияның “102” арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем келіп жеткен. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, 35 жастағы азамат көз жұмған.

"Жедел тергеу тобы жәбірленушіні оның бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісін қызғаныш үстінде ұрып-соққанын анықтады. Марқұм есінен танып қалғанын байқаған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Порталдың мәліметінше, полицейлер күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеуге кіріскен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері қашып кеткен күдіктіні ізін суытпай ұстаған.

Полицейлер ақпаратынша, ұсталған адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036467-qyzganystan-uryp-soqqan-symkentte-er-adam-aielinin-buryngy-suiiktisin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel