Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен: зардап шеккен екінші адам комада жатыр

Опубликовано:

Ауруханада жатқан адам
Ауруханада жатқан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда автобус жолаушылар өткелінде адамдарды қағып кеткен, салдарынан зардап шеккендердің бірі комаға түсіп қалды, жағдайы ауыр. Оған барлық қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматыда 9 қыркүйек күні таңертең Абай даңғылында автобус жолаушылар өткелінде екі адамды қағып кеткен. Салдарынан бір адам көз жұмды. Жол апаты видеоға түсіп қалған.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендердің тағы біреуі ауыр жағдайда жатқанын айтты.

"Науқас Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың реанимация, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, комаға (1-дәрежелі) түсіп қалған, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", – делінген Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036489-almatyda-avtobus-eki-zayau-zurginsini-qagyp-ketken-zardap-sekken-ekinsi-adam-komada-zatyr/

pixel