Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы балабақшада септикке құлап кеткен бала көз жұмды

Опубликовано:

Баланың аяғы
Баланың аяғы. Көрнекі фото: pixabay.com

Сәрсенбі, 13 қыркүйекте Алматы облысындағы Қырбалтабай ауылында оқыс оқиға болды. Үш жасар бала септикке құлап көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында.

Алматы облысы ПД басшысының жазуынша, 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Мен тергеу барысын жеке бақылауыма алдым", - деді облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов.

ПД басшысы ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036518-almaty-oblysyndagy-balabaqsada-septikke-qulap-ketken-bala-koz-zumdy/

pixel