Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында тасжолға шығып кеткен жылқы адам өліміне себеп болды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны: t.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында тасжолға шығып кеткен жылқы жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Полиция мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйек күні таңертең Алматы-Өскемен тасжолының 136- километрінде болған.

Белгілі болғандай, кенет тасжолға жүгіріп шыққан жылқы Honda Element автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында шетелдік көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы қайтыс болған.

Қазіргі уақытта полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Бұған дейін де жылқының жолға шығып кеткенінің салдарынан оқыс оқиғалар болған еді.

Еске салсақ, маусымда БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмған.

Ал мамыр айында әлеуметтік желіде Алматы облысы Қаскелең қаласында көше бойымен 200-ге жуық жылқыны айдап өткендер анықталып, жауапкершілікке тартылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036746-zetisu-oblysynda-taszolga-sagyp-ketken-zylqy-adam-olimine-sebep-boldy/