jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қаскелеңде қаланың қақ ортасымен 200-ге жуық жылқыны айдап өткендер жауапқа тартылды (видео)

Қаскелеңде көше бойымен айдалған жылқылар
Қаскелеңде көше бойымен жүріп өткен жылқылар. Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қаскелең қаласында көше бойымен 200-ге жуық жылқыны айдап өткендер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде Алматы облысы Қаскелең қаласында көше бойымен шауып бара жатқан үйір-үйір жылқының видеосы тарады.

Видео авторы кадр сыртында таңғалысын жасырмайды.

"Қаскелеңнің басты көшелерінің бірі. Бұлардың бәрі кімдікі? Қандай әдемі, құлындарымен бірге шауып бара жатыр", - дейді автор.

Бұл жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 мамырда әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Қаскелең қаласының көшелерінің бірінде 200-ге жуық жылқы жүріп өткені туралы видео анықталған.

"Қарасай ауданы аумағында Жамбыл ауылы жағынан Алматы-Екатеринбург бағытындағы автокөлік жолымен оңтүстікке қарай 200-ге жуық жылқы айдалған. Жылқылар Қаскелең қаласындағы Асқаров көшесінен оңтүстік бағытқа мал жайылатын жерге бара жатқан", - дейді облыстық полиция департаменті өкілдері.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс аудандық полицияда тіркелген.

"Іздестіру жұмыстары барысында Қарасай ауданы полиция басқармасы ЖПҚБ қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 1-бөлігі (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу), сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы 1-бөлігі (аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша үш азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты", - дейді полиция өкілдері.

Сондай-ақ полиция құқық бұзушылармен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Қаскелеңде қаланың қақ ортасымен 200-ге жуық жылқыны айдап өткендер жауапқа тартылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.