Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада балалар алаңынан әйел адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Оқиға болған жер. Фото
Оқиға болған жер. Фото: t.me/astanovka98

Бүгін Астанада ойын алаңдарының бірінен қайтыс болған әйелдің денесі табылды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнежазба Astanovka98 Telegram арнасында пайда болды.

Жазба авторларының мәліметінше, видео астаналық "Каскад" тұрғын үй кешенінің маңында түсірілген деген болжам бар.

Кадр сыртындағы адамның айтуынша, дене ойын алаңынан табылған, бірақ оқиғаның егжей-тегжейі әзірге белгісіз. Бейнежазбадан ашық жасыл шүберекпен жабылған мәйіт, полиция көлігі және жақын жерде бірнеше адам көрінеді. Бұл оқиғаға Астана полиция департаменті түсініктеме берді.

"19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Марқұмның жеке басы анықталды – ол 53 жастағы елорда тұрғыны", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазір сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037249-astanada-balalar-alanynan-aiel-adamnyn-denesi-tabyldy/