Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайық өзенінде моторлы қайықтар соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Соғылған моторлы қайықтар
Атырауда соғылған моторлы қайықтар. Фото: Атырау облыстық ПД/azh.kz

Атырауда Жайық өзенінде моторлы екі қайық соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алған. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы облыстық полция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ПД мәліметіне сүйенген басылымның жазуынша, қайғылы оқиға 20 қыркүйекте таңғы сағат 7 шамасында қала шетіндегі Дамбы ауылы маңында болған.

"Оқиға салдарынан 1974 жылы туған азамат оқиға орнында көз жұмып, 1973 жылы туған азамат ауыр хәлде облыстық ауруханаға жеткізілді.

Моторлы қайықтың 1988 жылы және 1992 жылы туған жүргізушілерінің су көлігін жүргізуге рұқсаты бар екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлаған Атырау облыстық полиция департаменті басылымға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037434-zaiyq-ozeninde-eki-qaiyq-soqtygysyp-bir-adam-qaza-tapty/