Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Volkswagen алты көлікті соғып, салдарынан төрт адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты болған жер
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда кеше түнде ірі жол апаты болды. Volkswagen жүргізушісі алты көлікпен соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Полиция департаментің мәліметінше, жол апаты Абай даңғылында түнгі сағат 00:10-да болған.

"2004 жылы туған азамат К. Volkswagen автокөлігімен Абай даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, тоқтап тұрған алты көлікті соқты.

Салдарынан төрт адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ПД хабарламасында.

Әуезов аудандық Полиция басқармасы қызметкерлері осы дерек бойынша тергеу жұмысын бастады.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Оқиға орнынан түсірілген видео Kris_p_almaty/Kazpress.kz Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Ол алдымен жолаушысын алып кетуге тоқтаған "Приора" көлігін соқты, ал есігі ашық тұрған "Приора" ер адамды қағып кетті, содан кейін тоқтап тұрған көліктерді соқты", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037652-almatyda-volkswagen-alty-kolikti-sogyp-saldarynan-tort-adam-zardap-sekti-video/

pixel