Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бала өлтіргені үшін күтуші мен ер адам сотталды

Опубликовано:

Бала. Көрнекі фото
Бала. Көрнекі фото: pexels.com

Елордада сот кішкентай баланы өлтірген күтуші мен оның көңілдесіне үкім шығарды. Олар тиісінше 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Астана прокуратурасының ресми сайты.

"Өткен жылы бала күтуші мен бірге тұратын ер адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату нәтижесінде оның өліміне әкеп соқты", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, сотта мемлекеттік айыптаушы аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы сәуір айында тәулік бойы рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген балабақшаға әйел баласын тастап кетіп, ақыры сәби сол жерде көз жұмды.

Кейін баланың суға түсу кезінде қайтыс болғаны белгілі болды. Бірақ тексеру кезінде қыздың денесінен көптеген жарақаттар табылған еді.

Сол кезде іске күдікті ретінде бала күтушісі танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037693-astanada-bala-oltirgen-kutusi-men-konildesi-sottaldy/

pixel