jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    "Бірнеше метрге сүйреп әкеткен": Алматы облысында жасөспірім алты оқушыны қағып кетті (видео)

    Жол апаты болған жер
    Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty_obl

    Алматы облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім 6 оқушыны қағып кетті. Салдарынан әр түрлі жарақат алған бес жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрдан Subaru көлігінің жеке үйдің қоршауы мен тротуардың арасында тұрып қалғанын, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерін көруге болады.

    Жазба авторының мәліметінше, жол апаты Нарынқол ауылында болған.

    "Жүргізуші куәлігі жоқ 10-сынып оқушысы көлік тізгініне отырып, бар жылдамдықпен оқушы қыздарды қағып, бірнеше метрге сүйреп әкеткен. Оқушы үш қыздың жағдайы ауыр – түрлі жарақат алған, олардың бірі менің сіңілім, қазір оларды тасымалдауға болмайды, бірақ ауылда білікті дәрігерлер де жоқ", - делінген хабарламада.

    Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаменті аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша (жаяу жүргіншілерді қағып кету дерегі бойынша) полицияда тіркелгенін мәлім етті.

    "21 қыркүйекте Райымбек ауданының полиция бөліміне Нарынқол ауылында Subaru көлігін тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім рөлді басқара алмай, тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға салдарынан 2008 жылы туған алты бала зардап шеккен, оның бесеуі әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Полиция көлік оқушының ағасына тиесілі екенін, оны жасөспірім сұрамай алып, дүкенге айдап кеткенін атап өтті. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

    "Бірнеше метрге сүйреп әкеткен": Алматы облысында жасөспірім алты оқушыны қағып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.