Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Түркістан облысында мектеп оқушысының соққыға жығылған сәтінің видеосы тарады

Опубликовано:

Төбелесіп жатқан адамдар
Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

Желіде Түркістан облысында оқушылар арасында болған төбелестің видеосы пайда болды. Төбелес барысында оқушылардың бірі соққыға жығылған. Бұл жайтқа қатысты Келес аудандық полиция бөлімі Facebook-тегі ресми парақшасында пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімдердің бірі жерде жатқан екінші жасөспірімді тепкенін, салдарынан соққыға жығылған оқушының мұрны қанап жатқанын байқауға болады.

Келес аудандық полиция бөлімі мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы төбелес 21 қыркүйек күні болған. Сол күні Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік туындағанын айтқан.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы полиция департаменті мен аудандық полиция бөлімінің басшылығы барған.

"Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы екі оқушысы өзара сөзге келіп, келіспеушілік туындап, екіншісі көрші мектептегі жоғары сыныптың оқушысын шақырып, келген оқушы жәбірленушіге соққы жасаған.

Салдарынан жәбірленуші 11 сынып оқушысы ауруханаға түсті. Бүгінгі таңда ол ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция аталған факті Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037751-zelide-turkistan-oblysynda-mektep-oqusysynyn-soqqyga-zygylgan-satinin-videosy-tarady/

pixel